$ 443.37  474.49  4.83

Димаштың Гонконгта өтетін концерті Тайм-скверде жарнамаланып жатыр

Димаштың Stranger әлемдік туры аясында жаңа жеке концерті 2023 жылдың 23 желтоқсанында Гонконгта өтеді.

Фото: dimashnews.com
Фото: dimashnews.com

Таймс-скверде Димаштың Гонконгта өтетін жеке концертін қолдауға арналған бейнеролик ұсынылды, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы dimashnews.com сайтына сілтеме жасап. 

Өткен демалыс күндері Нью-Йорктегі Таймс-сквердің әйгілі экранында Димаш Құдайбергеннің бірден үш жарнамалық бейнеролигі көрсетілді.

Дүние жүзіндегі үлкен LED экрандарда Димаштың шығармашылығын қолдау Dears арасында дәстүрге айналды.

Бүгінгі таңда Нью-Йорктегі танымал және ең үлкен TSX билбордында қазақстандық орындаушымен 10-нан астам бейнеролик көрсетілді.

Димаштың Чилидегі фан-клубынан соңғы рет 2023 жылдың 27 қазанында көрсетілді. Ал өткен демалыс күндері бір уақытта үш бейнебаян ұсынылды: екеуі фан-клубтың мерейтойына орай Димаштың испандық жанкүйерлерінен және екіншісі әртістің Гонконгта өтетін жеке концертіне қолдау көрсету үшін Mexican Dears-тен.

Естеріңізге сала кетейік, Димаштың Stranger әлемдік туры аясында жаңа жеке концерті 2023 жылдың 23 желтоқсанында Гонконгта өтеді. Ауқымды шоу Гонконг Көрме орталығында сағат 20.00-ге жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары