$ 494.87  520.65  4.91

Дина Төлепберген: Бізді қорғайтын Заң күшіне енбейінше, тұрмысқа шықпаңыздар!

Депутаттар жүйелі түрде деп нені жеткізгісі келді?

Фото: Instagram/dina_tolepbergen
Фото: Instagram/dina_tolepbergen

Тележүргізуші Дина Төлепберген әлеуметтік желідегі парақшасында тұрмыстық-жыныстық зорлық-зомбылыққа қарсы жаңа заң күшіне ену керек екенін айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы.

Журналистің айтуынша, депутаттар бұл мәселеде әлі де солқылдақтық танытып отыр. 

Салтанат Нүкенованың қазасынан соң, ел ішінде наразылық күшейді. Дүрліккен елге басу айтпақ боп депутаттар ішінара криминализация жасалынады, яғни, күйеуіңіз жүйелі түрде жұдырыққа жықса, әрекеті қылмыс деп саналады десті.

Санама сыймай тұрған дүние, жүйелі түрде деп нені жеткізгісі келді? 2 рет ұру, 5 рет, 10 . Алғашқы арыздан соң тек ескерту алып, ары қарай ашуға булығып әйелін өлтіріп тастамасына кім кепілдік береді. ЕШКІМ…

Менің бір ғана айтарым:
ҚЫЗДАР, бізді қорғайтын заң күшіне енбейінше, тұрмысқа шықпаңыздар, - деп жазды Дина Төлепберген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары