14.11.2023, 15:40

«ҚазТрансГаз Аймақ» филиалының басшылығы халықтан ақша бопсалаған

Фото: видеодан алынған кадр t.me/afm_rk

Аталған тұлғаларға қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды.

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Жезқазған филиалының басшысы мен бас маманы қала тұрғындары мен шаруашылық субъектілерінен 70-тен 300 мың теңгеге дейінгі мөлшердегі заңсыз ақшалай сыйақыларды бопсалаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Олар бұл қаражатты газды қосу рұқсатын және техникалық шарттарды жедел алу үшін талап еткен.  

Өңірдегі газдандыру саласындағы жүйелі проблемалар ҚМА Ұлытау облысы бойынша Департаментінің әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізуі нәтижесінде анықталды. 

Облыс прокуратурасының үйлестіруімен өткізілген жедел іс-шаралардың нәтижесі бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді. 

Аталған тұлғаларға қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды.

Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.