Пандустар, мнемосхемалар, арнайы кассалар және т.б. не талапқа сай емес, не мүлде жоқ.
Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде 13 банкте мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығы бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алматы қаласы прокуратурасының мәліметінше, прокурорлармен кездесу барысында мүгедектер қоғамының өкілдері қаладағы екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) бөлімшелеріне кіру, қызмет алу қиындық туғызатыны жөнінде мәселе көтерді.
Прокурорлар қаладағы банктердің бірде-бір бөлімшесі қойылған талаптарға сай келмейтінін анықтады, яғни пандустар, мнемосхемалар, арнайы кассалар және т.б. не талапқа сай емес, не мүлде жоқ... Осыған байланысты Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін Алматы қаласы Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаменті 13 екінші деңгейлі банкті «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 83-бабы бойынша 9 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапқа тартты. Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіУәкілетті орган барлық банктерге бұзушылықтарды жою және мүгедектігі бар адамдар үшін көзделген жағдайларды жасау туралы ұйғарымдар берді.
Қазіргі уақытта 8 банк өз бөлімшелерін талапқа сәйкестендіріп үлгерді, қалғандары тиісті шаралар қабылдауда. Алматы қаласының прокуратурасыҚадағалаушы орган келтірген мәлімет бойынша, Алматыда мүмкіндігі шектеулі 50 мыңнан астам адам тұрады.