$ 494.87  520.65  4.91

Бүгін елімізде күн райы қандай болады

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 16 қарашаға арналған күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде антициклонның ықпалымен күн райы жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың батысы мен солтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуімен жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп болжанды.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0+2°C, күндіз +7+9°C.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +16+18°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан 5+10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +4+6°С, күндіз +22+24°С.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары