$ 442.05  474.14  4.74

Адал инвесторларға алаңдаудың қажеті жоқ – Ерұлан Жамаубаев заңсыз иемделінген активтерді мемлекетке қайтару туралы

Жалпы, заңсыз иемделінген активтерді қайтарудың екі жолы бар: ерікті және мәжбүрлі.

Заңсыз иемденілген активтерді елге қайтару жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасының орындалуы туралы «Қазақстан» телеарнасына сұхбат берген Премьер-Министрдің орынбасары осылай деп мәлімдеді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңда көзделген шаралар ешбір жағдайда адал азаматтар мен инвесторларға қарсы бағытталған емес. Заң олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін барлық қажетті кепілдіктер береді.

Бұл инвестициялық имиджге нұқсан келтірмеуі керек, ешқандай да заңды түрде жұмыс істеп отырған бизнес өкілінің немесе инвесторлардың құқұқтық не қандайда бір мүдделері қудаланбау керек, олар заңмен қорғалуы керек. Бізде негізгі мәселе осы, – деді Ерұлан Жамаубаев.

Қазіргі таңда арнайы құрылған Комиссия бірқатар олигополия субъектілері енгізілген Тізілімнің жасалғаны белгілі. Алайда, егер тіпті субъект Тізілімге тексеру үшін енгізілсе де, онда оның өз активтерінің шығу заңдылығын дәлелдеуге барлық мүмкіндіктері болады. Сондықтан адал инвесторларға өз мүлкінің тағдыры туралы алаңдаудың қажеті жоқ.

Жалпы, заңсыз иемделінген активтерді қайтарудың екі жолы бар: ерікті және мәжбүрлі. Ерікті түрде дегеніміз тиісті келісімге отырып, қаражат пен мүлікті мемлекетке қайтару. Ал мәжбүрлі түрде қайтару сот арқылы жүзеге асырылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары