Бұдан бұрын Талдықорған полиция департаментінің басшысы 27 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталғаны хабарланды.
Ішкі істер министрі Жетісу облысы ПД бастығын қызметінен босатты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Талдықорғанда болған соңғы резонанстық оқиғаға байланысты Ішкі істер министрі Ержан Саденов ІІМ орталық аппараты қызмет басшыларынан құралған арнайы топпен Жетісу облысына барған. Ведомство басшысы өзінің сапары аясында өңір полициясының жеке құрамымен және ІІО ардагерлерімен кездесу өткізді. Отырысқа облыс әкімі Бейбіт Исабаев та қатысқан.
Ел азаматтарының конституциялық құқықтарын қорғайтын полиция қызметкері үшін заң мен тәртіп бірінші орында болуы керек. Құқыққа қайшы келген азаматтар мен полицейлердің заңсыз әрекетіне тосқауыл қойылуы тиіс. Заң бәріне ортақ, - деп атап өтті министр Ержан Саденов.
Еске салайық, бұдан бұрын Талдықорған полиция департаментінің басшысы 27 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталғаны хабарланды.