$ 442.05  474.14  4.74

Елімізде кәмелетке толмаған қыздардың жүкті болуы жиілеген

Ерте жастағы жүктілік кезінде түсік жасатса да, баланы босанса да, бірқатар зияны бар.

Фото: Pexels / RODNAE Productions
Фото: Pexels / RODNAE Productions

Қазақстанда кәмелетке толмаған қыздардың жүкті болуы жиілеуде. Соңғы бірнеше жылда 15 пен 18 жас аралығындағы қыздардың босану саны екі есеге артқан. Өткен жылы 5200 жасөспірім дүниеге сәби әкелген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ерте жастағы жүктілік кезінде түсік жасатса да, баланы босанса да, бірқатар зияны бар.

Осындай жас кездегі жүктіліктен преэклампсия, қан кету және өте жиі мерзімінен бұрын босану сияқты ауыр зардаптарды байқаймыз, өйткені жасөспірім денесінің ресурстары баланы толыққанды көтеруге жеткіліксіз, деп жазды Stan.kz.

Психологтар ерте жүктіліктің бірнеше себептерін айтты. Жасөспірімдерге жыныстық тәрбие жетіспейді. Сонымен қатар көптеген жасөспірімдер жыныстық қатынасқа ерте түскенін мақтаныш көріп, кімнің жыныстық серіктесі көбірек екенімен жарысады. 

Ата-ананың қалыпты әрекет етіп, қызы мен оның сәбиіне қолдау көрсеткені жақсы, бірақ олар көбіне жас ананы үйден қуып жіберуі мүмкін. Қыз қысымға ұшырайды, оны құрбылары, педагогикалық ұжым, ата-анасы, туыстары сынайды, – деді психолог Герман Владимиров. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жасөспірімдердің жүктілігі білім деңгейі төмен және контрацептивтерге қол жеткізе алмайтын халық арасында жиі кездеседі. Сондықтан жасөспірімдердің білім деңгейін көтеру қажет дейді қоғам белсенділері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары