$ 442.05  474.14  4.74

Астаналық әйел Қытайдан тауар алдырамын деп 31 млн теңгесінен айырылды

Жеткізу ауқымы iPhone телефондарынан бастап ыдыс-аяққа дейін, үлкен болған. Алайда тауарды сатып алу үшін тағы бір соманы алғаннан кейін, әйел жасырынып, сатып алушылармен байланысқа шықпаған.

 

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Елордалық тұрғын Қытайдан тауар алдырамын деп алаяққа 31 млн теңге берген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Polisia.kz-тің жазуынша, Екібастұзда тұратын қыз астаналықтарға Қытайдан тауарларды арзан бағамен алып беруге уәде еткен. Бірнеше ай бойы ол тауарды үнемі жеткізіп отырған. Осы мақсатта WhatsApp мессенджерінде ол әртүрлі тауарларды жарнамалайтын, кәсіпкерлерге көтерме бағамен тауар ұсынатын көптеген топтар құрған.

 Жеткізу ауқымы iPhone телефондарынан бастап ыдыс-аяққа дейін, үлкен болған. Алайда тауарды сатып алу үшін тағы бір соманы алғаннан кейін, әйел жасырынып, сатып алушылармен байланысқа шықпаған.

Сарыарқа ауданының полиция басқармасына елорда тұрғыны жүгініп, Қытайдан тауарға тапсырыс бергенін айтқан. Күдікті алдын-ала төлемді талап еткен. Ештеңеден күдіктенбей, әйел бірден алаяққа 31 млн теңге аударып жіберген.

Бір айдан кейін тауарын ала алмаған жәбірленуші полицияға жүгінді. Қазіргі уақытта полицияға алаяққа алданған үш кәсіпкер арызбен жүгінген. Осыған ұқсас схема бойынша 50-ге жуық азамат алданған, бірақ одан да көп зардап шеккендер болуы мүмкін. Сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізу барысында Екібастұз қаласының 20 жастағы тұрғыны өз кінәсін мойындап, басқалардың ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсағанын айтты.

Алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Аталған адамның құқыққа қайшы әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды Астана қаласы ПД Сарыарқа ауданының полиция басқармасына, Әуезов көшесі, 40 мекенжайы бойынша жүгінулеріңізді немесе 8 (7172) 71-66-76, 71-66-46, +7 700 543 0101 немесе “102” телефондары бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз, - дейді елордалық полицейлер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары