$ 441.44  473.09  4.75

Балаева Ресейдегі қазақ зиялыларына көмектесуге уәде берді

Жиын басында А.Балаева әнші Әлия Кикеноваға «Шапағат» медалін табыс етті.

 

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Санкт-Петербургте Ресейде тұратын қазақстандық шығармашылық зиялы қауыммен кездесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Санкт-Петербург қаласында 16-18 қарашада аралығына жоспарланған IX Халықаралық мәдени форум өтіп жатыр. Онда 70-тен астам елдің делегациясы мәдениет пен өнер саласындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылайды.

Форум аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өмірі мен шығармашылығы Қазақстанмен тікелей байланысты қазақстандық және ресейлік мәдениет және өнер қайраткерлерімен кездесу өткізді.

Шараға музыканттар, әншілер, режиссерлер, актерлар, әдебиет қайраткерлері, мүсіншілер мен суретшілер қатысты.

Жиын басында А.Балаева әнші Әлия Кикеноваға «Шапағат» медалін табыс етті.

Кездесу барысында А.Балаева Ресейде тұрақты тұратын қандастарымыздың қазақ қалаларының сахналарында өнер көрсетуіне және олардың шығармаларын қазақ оқырмандары мен өнер жанашырларының арасында кеңінен насихаттауға мүмкіндік туғызуға көмектесуге дайын екенін жеткізді.

Ол суретшілер мен мүсіншілердің шеберлік сабақтарын, семинарларын, көрмелерін өткізу жобаларына ерекше көңіл бөлді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары