$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте молда балаларды хадис жаттамағаны үшін аяусыз ұрған

Молда үйде оқушылардың діни сауатын ашуымен айналысқан.

Фото: видеодағы кадрдан алынды
Фото: видеодағы кадрдан алынды

Шымкентте молда балаларды хадис жаттамағаны үшін аяусыз ұрған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шымкентте жарты жыл бұрын оқушылардың денесі көгерген видеосы тараған болатын. Әлгі видеоны көрген әлеуметтік желі қолданушылар сол кезде әбден шошыған. Бірақ балаларға қол көтерген молда қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Себебі полиция таяқ жеген жеткіншектердің ата-аналары мен діни тәлімгер мәмілеге келгендіктен, істі тоқтатқан көрінеді.

Молда үйде оқушылардың діни сауатын ашуымен айналысқан. Алайда  балаларды ұрып, денелеріне зақым келтіргені анықталды.

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы жағдайдан кейін мешіттің ұстазын қызметінен босатты. Мүфтият өкілдері балаларды ұрып оқытатындарды құптамайтындарын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары