$ 443.37  474.49  4.83

Қазақстан шекарасынан заңсыз өтпек болған Ауғанстан азаматтары ұсталды

Ұсталғандардың айтуынша, олар жақсы өмір сүру үшін Еуроодақ елдеріне бет алған.

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Батыс Қазақстанда заңсыз мигранттар ұсталды, – деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Polisia.kz мәліметінше, осы жылдың 17 қарашасында жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шара барысында Бөрлі аудандық Пб көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері БҚО бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп Қазақстан Республикасынан мемлекеттік шекарасынан Ресей Федерациясына заңсыз кесіп өтпекші болған Ауғанстан Республикасының төрт азаматын ұстады.

Аталған шетел азаматтарына қатысты ҚР ҚК-нің 514-бабы 2-бөлігіне (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара режимiн бұзу) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ұсталғандардың айтуынша, олар жақсы өмір сүру үшін Еуроодақ елдеріне бет алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары