$ 494.87  520.65  4.91

Женевада қазақ авторының кітабы таныстырылды

Тұсаукесерге Женеваның дипломатиялық, ғылыми-зерттеу және аналитикалық топтарының өкілдері қатысты. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Женевада тұңғыш рет қазақстандық автордың кітабы таныстырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл - Қазақстандағы стратегиялық зерттеулер институтының жетекші сарапшысы, халықаралық қатынастар мен саяси-экономика жөніндегі маман Мирас Жиенбаевтың ғылыми еңбегі.

Кітап Женевадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының мұрағаты мен кітапханасының жаңа тізіліміне енді. Мұнда халықаралық қатынастар теориясы туралы 11 мың бірегей туынды бар.

Тұсаукесерге Женеваның дипломатиялық, ғылыми-зерттеу және аналитикалық топтарының өкілдері қатысты. 

Олар отандасымыздың ғылыми еңбегіне оң бағасын беріп, халықаралық деңгейдегі ауқымды зерттеу жұмысына қосқан үлесін ерекше атап өтті.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары