Жаңбыр, қар, көктайғақ, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі.
Синоптиктер 18 қарашадағы ауа райын болжады. Мамандардың айтуынша, Қазақстан бойынша тұман, жел күшеюі мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазгидромет мамандарының болжамынша, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады.
Жаңбыр, қар, көктайғақ, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі.
Еліміздің оңтүстік-шығысында антициклон жотасының ықпалымен ашық, жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Қазақстан бойынша тұман, жел күшеюі мүмкін.
Күндіз Жамбыл облысының оңтүстік-батысында 30 м/с және одан да көп жел күтіледі.