$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде көріпкелдер жаңа айла ойлап тапқан

Олар "отбасыда қарғыс бар, оны жоймаса, жамандыққа алып келеді" деді.

Фото: pexels.com
Фото: pexels.com

Қазақстандықтар алаяқ-көріпкелдердің құрығына түсіп қалғанын мәлімдеді. Көріпкелдер оларға "көз тиген" деп сендірген. Сондай-ақ қарғыстан арылу үшін қыруар қаржы беріп, арнайы тұмар да сатып алыпты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Көріпкелдер "байлық, махаббат пен энергетиканы" дамытуға арналған семинар өткізіпті. Қатысушылар "Күш" деп аталатын клубқа қосылу үшін қыруар қаржы берген. Тіпті көріпкелдер "сиқыр мен сандық технология байланыса алмайды" деп қолма-қол ақша ғана алған. 

Үш семинарға миллион теңге жұмсадым. Олар "отбасыда қарғыс бар, оны жоймаса, жамандыққа алып келеді" деді. Айтқандарына сендік. Семинарға қатысқан әйелдердің барлығы қиын жағдайда тап болған, мәселеден шығудың жолын іздеген жандар. Бастапқыда мұны йога деп атады. Олар – кәсіпқой арбаушылар, барлық қорқынышымызды жазуды сұрады. Барлығын жазған соң ақпаратты сол тізімнен алып, бізге әсер ететін дүниелерді қару ретінде пайдаланды, – дейді зардап шеккендердің бірі Айна Айжанова. 

көріпкел

Жалған көріпкелдер туралы ресейлік БАҚ та жазған. Ал мессенджерде "Стоп секта" деп аталатын топқа 12 мың адам қосылыпты. Оның 200-ге жуығы қазақстандықтар. Ал келген шығын жүздеген милионға жеткен. 

Семинарға келгенде әрқайсымыға тұмар берді. Бағасы 150 мың теңге, ал адамдар соған сенеді. Меніңше, бұл – секта. Адамдар жыл сайын алданып, тіпті пәтерінен де айырылғандар бар, – деді жәбірленуші Анна Бушмарина. 

Зардап шеккендер топты құрғандар ұйымдастырушыларға хабарласпақ болған, алайда ешкім тұтқаны көтермепті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 3
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары