Қайғылы оқиға 19 қарашада Ақтөбе – Орынбор тасжолында болған.
Ақтөбе облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
19 қараша сағат 05:45 шамасында Ақтөбе-Орынбор тасжолының 7-шақырымы Мәртөк ауылының маңында Audi, Lexus және Subaru forester автокөліктері соқтығысқан.
Салдарынан Lexus және Subaru forester автокөлігінің жүргізушілері мен Subaru-да болған жолаушы оқиға орнында қаза болды, - делінген хабарламада.
Lexus жолаушысы Мәртөк ауданының ауруханасына жеткізілді.
ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.