$ 444.14  477.05  4.85

Ресейде губернатор болған Аман Төлеев қайтыс болды

Ол тіпті, 3 рет (1991, 1996, 2000 жылдары) Ресей президенттігіне кандидат болып тіркелген.

Фото: t.me/tsivilev_kuzbass
Фото: t.me/tsivilev_kuzbass

Ресейде губернатор болған Аман Төлеев 79 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Telegram-арнасында Кемерово облысының қазіргі губернаторы Сергей Цивилев жазды.

Аман Гумирович Төлеев өмірден өтті. Ол 1997 жылдан 2018 жылға дейін Кемеров облысының губернаторы болды. Ашық-жарқын, біртуар азамат еді. Саналы ғұмырын Ресей мен Кузбасқа қызмет етуге арнады, – деді ол.

Еске салсақ, Аман Төлеев 1944 жылы 13 мамырда Түрікменстандағы Красноводск қаласында дүниеге келген.

1973 жылы Новосібір теміржол инженерлері институтын, 1989 жылы Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген.

1988-1990 жылдары Кемерово теміржолының басшысы болды.

1990-1993 жылдары – РКФСР (қазіргі РФ) Жоғарғы кеңесінің депутаты, Кемерово облыстық халық депутаттары кеңесінің төрағасы;

1994-1996 жылдары – Кемерово облыстық заң шығарушы жиналысының төрағасы;

1996-1997 жылдары Ресейдің ТМД елдерімен қарым-қатынас министрі қызметін атқарды.

1997-2018 жылдары Кемерово облысының губернаторы болды.

2018 жылғы 25 наурызда Кемеровадағы «Зимняя вишня» сауда орталығында өрт болып, 64 адам қаза тапты. Олардың арасында 41 бала бар. Бұл қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Осы жағдайға байланысты Аман Төлеев қызметінен кеткен.

Ол тіпті, 3 рет (1991, 1996, 2000 жылдары) Ресей президенттігіне кандидат болып тіркелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары