$ 494.87  520.65  4.91

Антикор: Ақтау қаласы Білім бөлімінің басшысы ұсталды

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Ақтау қаласы бойынша Білім бөлімінің басшысы жемқорлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы.

Жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралардың нәтижелері бойынша Ақтау қаласы бойынша Білім бөлімінің басшысы әшкереленді.

Ол аз қамтылған отбасылардан шыққан отбасыларға тамақтандыру қызметтерін көрсету бойынша жасалған шарттар шеңберінде орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны, ақша қаражатын аудару және жалпы қамқорлығы үшін пара алу фактісі бойынша күдікті болып отыр.

Соттың санкциясымен күдікті қамауда ұсталады.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары