$ 441.66  475.14  4.86

Талғат Жорабаев қазіргі жездесі туралы айтты

«Әлішер ер адамдар істей алмайтын нәрсені жасады».

Фото: instagram/altynaizhorabayeva
Фото: instagram/altynaizhorabayeva

Әнші Алтынай Жорабаеваның інісі  Талғат Жорабаев "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасына сұхбат беріп, қазіргі жездесі туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы.

"Өткенде Алтынай бір құпиясын ашты ғой. "Негізі көлікті әперген - Әлішер" деді ғой. Әлішер алғашында "Көлік әперемін" дегенде, мен келіспегенмін. "Жоқ, аласың" деді. Әлішер жездеммен жақсы тіл табыстық. Алтынай әпкеммен отбасын құрды. Үлгілі отбасының бірі деп есептеймін. "Мен ер адам бола тұра, төрт баласы бар әйелді ала алмас едім" деймін. Қанша жерден мықтымын деп кеудемді ұрсам да, олай жасай алмайтын едім. Әлішер ер адамдар істей алмайтын нәрсені жасады. "Еркек" деймін. Сол үшін ризамын, құрметтеймін, сыйлаймын", - деді Талғат Жорабаев.

"Ол бұрын үйленбеген. Бизнес жасап, інілерін бағып-қағып жүргенде уақыт өтіп кеткенін білмей қалған. "Үйленем ғой" деп жүргенде Алтынайды кездестіріп қалады. Әке-шешеміздің, ол кісінің ата-анасының алдынан өтті. Ол кісілер батасын беріп, екеуі шаңырақ көтерді. Әркім әртүрлі айтады. "Алтынайдың ақшасы болғасын үйленді" дейді. Жоқ, Әлішер жағдайын жасап қойған жігіт. Бизнесі, зауыттары, жиһаз салондары бар. "Алтынайдың үйіне кіріп алған" деген өсек. Ондай нәрсені ескермеуге тырысамыз", - деді Талғат Жорабаев. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары