$ 443.44  480.51  4.88

Прокурор: Салтанат Нүкенова қайтыс болған мейрамхананың директоры Бишімбаевтың туысы

Олардың туыстық қатынасы бар.

Фото: dalanews.kz, kaztag.kz сайттарынан алынды
Фото: dalanews.kz, kaztag.kz сайттарынан алынды

Елордадағы Салтанат Нүкенова көз жұмған Гастро-орталық ойын-сауық кешенінің директоры қамауға алынған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың туысы болып шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Астана қаласының прокуроры Ерлан Өтегенов мәлімдеді. Прокурор Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты тұтқындалған екінші күдікті Бишімбаевтың туысы екенін растады.

Ол Гастро-орталықтың директоры, олардың туыстық қатынасы бар, – деді прокурор.

Тіпті прокурор Гастро-орталықта орнатылған бейнебақылау камераларына түсірілген кадрлардың жойылғаны туралы ақпаратты растады. Алайда кейінірек тәртіп сақшылары барлық жазбаларды қалпына келтірген.

Еске салсақ, бұған дейін бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Қайғылы оқиғадан бірер күн өткенде қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова қайтыс болған мейрамхананың директоры да ұсталған болатын. Бұл туралы отандық БАҚ жарыса жазған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары