$ 494.87  520.65  4.91

ҰҚК қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдай туралы мәлімдеме жасады

«Қарасу» өткізу пунктінің кіруге өткізім мүмкіндігі тәуілігіне 300 көлік құралдарын құрайды.

Фото: kaztag.kz
Фото: kaztag.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекарадағы автокөлік кептелісі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҰҚК шекара қызметінің мәлімдеуінше, Қырғыз-қазақ шекарасында қырғыз жағынан «Ақ-тілек» (Қырғыз Республикасы) – «Қарасу» (Қазақстан Республикасы) өткізу пунктінде жүк көлік құралдарының кептелісі белгілен.

Кептеліске жеміс, көкөніс өнімдерін және жалпы Қазақстан арқылы жүктерді транзиттік өткізуге байланысты маусымды кіретін жүк ағымының артуы негізгі себеп болып отыр. «Қарасу» өткізу пунктінің кіруге өткізім мүмкіндігі тәуілігіне 300 көлік құралдарын құрайды (а.ж. 19 қарашада 283 автомашина өткізілген). Қалыптасқан жағдайдың есебінен, Қырғыз Республикасының МҰҚК Шекара қызметімен тығыз өзара әрекеттестік ұйымдастырылды, – делінген ресми хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары