$ 442.05  474.14  4.74

EURO 2024: Қазақстан тартысты ойында Словениядан жеңіліп қалды

Қазақстан қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберді. 

Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысы сегізінші турындағы Словения мен Қазақстан кездесуінің бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алғашқы минуттан словениялық футболшылардың басымдығы байқалып тұрды. Дегенмен, оларға қазақстандық құрама лайықты қарсылық көрсете білді.

Ойынның 41-минутында Игорь Шацкийдің қақпасына белгіленген пенальтиден словениялық Беньямин Шешко мүлт кеткен жоқ.

Ал ойынның 47-минутта Рамазан Оразов таразы басын теңестірді. Бұдан кейін қазақстандық футболшылар бірнеше рет шабуыл ұйымдастырды.

Ойынның 86-минутында словениялық Беньямин Вербич қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша, Қазақстан қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберді. Құрлықтық доданың финалдық сатысына Словения құрамасы жолдама алды.

Енді Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионаты финалдық сатысына Ұлттар лигасы арқылы шығуына мүмкіндігі бар. Бұл жолы қазақстандық футболшылар 2024 жылдың наурыз айында Грекиямен бақ сынасады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасынан жарақатына байланысты Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Михаил Габышев, Бахтиёр Зайнутдинов кездесуге қатыса алмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары