$ 494.87  520.65  4.91

Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан Айкөркемнің әкесіне айыппұл салынды

Айдос Мелдеханұлы өз кінәсін мойындамады.

Фото: Алматы соттары
Фото: Алматы соттары

Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан 4 жасар Айкөркемнің әкесі Айдос Мелдеханұлы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты М.-ға қатысты әкімшілік істі қарады (ӘҚБтК 456-2 бабының 3 бөлігі).

Іс материалдарынан биыл 8 қарашада М. «Facebook»-те бейнехабарлама жариялағаны белгілі. Аталған жазбада М. а.ж. 21 қазанда көршісінің оған шабуыл жасау фактісі бойынша полиция қызметкерлері шабуылдаушыға қатысты әрекетсіздік танытқанын мәлімдеді. Сондай-ақ полиция органдары оның өтінішін қабылдамаған және қандай да бір сипатта әрекет етуге тырыспаған. Сот М. тарапынан полицияға қандай да бір өтініш және мәлімдеме жасалмағанын анықтады. Сонымен қатар, М. учаскелік полиция қызметкерімен әңгіме барысында шағымдардан бас тартып, жанжалдың бейбіт жолмен шешілгенін айтқан, – деп хабарлады соттан.

Осылайша, М. желіде жалған ақпарат жариялаған.

Айдос Мелдеханұлы өз кінәсін мойындамады.

Сот қаулысымен М. ӘҚБтК-нің 456-2 бабының 3 бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған 69 000 теңге мөлшерінде баламасыз әкімшілік айыппұл салынды, – делінген сот хабарламасында.  

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары