Бұл ойын өрнегімен әлі талай жетістікке жетеміз!
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы елге оралды. Аяқдопшыларды әуежайдан арнайы күтіп алған туризм және спорт министрі Ермек Маржықбаев бастаған жанкүйерлер тамаша сәттер сыйлағаны үшін спортшыларға алғысын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Еңсені түсірудің қажеті жоқ. Құрама талантты футболшылармен жасақталған. Бұл ойын өрнегімен әлі талай жетістікке жетеміз! – деді министр.
Өз кезегінде ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев жанкүйерлерге зор қолдауы үшін ризашылығын білдірді.
Мен жігіттеріме алғыс айтқым келеді. Олар нағыз батырлар. Мен олардың көңіліндегі кірбіңді жақсы түсінемін. Себебі, өзім спортшы болдым, үлкен нәтижеге бір қадам қалып тоқтау өте қиын. Бұл спортшы үшін ең ауыр жеңіліс, – деді Магомед Адиев.
Бас бапкер жеңілістен сабақ алып, құрама одан сайын мықты бола түсетініне сенім білдірді.
Оралхан ҚОЖАНОВ