$ 443.44  480.51  4.88

UFC-дің топ файтері Шавкат Рахмонов жайлы пікір білдірді

Сонымен қатар екі спортшы да АҚШ-тағы Kill Cliff залында оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуде.

Фото: Louis Grasse/PxImages/Icon Sportswire via Getty Images
Фото: Louis Grasse/PxImages/Icon Sportswire via Getty Images

UFC-дің жартылай орта салмақтағы жекпе-жек шебері Висенте Люке қазақстандық Шавкат Рахмонов жайлы пікірін білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

UFC промоушенінің жартылай орта салмақ дәрежесінің 8-орыныда тұрған файтер Висенте Люке қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов жайлы пікірін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жақында Шавкат екеуміз бір турнирде өнер көрсетеміз. Ол ұзын бойлы жігіт. Сондықтан жаттығу залында мүмкіндік болған сайын онымен бірге жаттығамын. Менің қарсыласым болуы мүмкін екенін білемін, бірақ бұл біздің жұмысымыздың міндетті бөлігі, – деді Висенте.

Айта кетейік, қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов та, америкалық Висенте Люке де 16 желтоқсан Лас Вегас қаласында өтетін UFC 296 турнирінде жұдырықтасады. Сонымен қатар екі спортшы да АҚШ-тағы Kill Cliff залында оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуде. Шавкат Рахмоновтың сол турнирдегі қарсыласы – Стивен Томпсон. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары