Бұған Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов жауап берді.
Еуропа біріншілігінің іріктеу кезеңі аяқталғаннан кейін жанкүйерлердің көкейінде «Адиев ұлттық құрамада қала ма?» деген сауал туындағаны белгілі. Бұған Қазақстан Футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев қызметін жалғастырады. Біз бірлесіп еліміздің футболын дамытудың жоспарын түземіз. Ауқымды жобаны өзіміздің стратегиямыз бен ыңғайымызға қарай жүйелеп, дамыту бағытын саралаймыз, – деді Ә.Бәрменқұлов.Магомед Адиев 2022 жылдың көктемінде Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерлігіне тағайындалған еді.