Бұл туралы "Қазавтожол" компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық жолдардың тағы үш учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы "Қазавтожол" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола облысында "Екатеринбург-Алматы" жолының Атбасар қаласынан Астрахан ауылына дейінгі жол аралығы жабылды. Сонымен қатар "Көкшетау-Атбасар" тасжолының Зеренді ауылынан Атбасар қаласына дейінгі аралығы жабық. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысындағы Чапаев-Казталовка күре жолы жабық, - делінген хабарламада.