$ 494.87  520.65  4.91

Қостанайдағы Қайрат Боранбаевқа тиесілі фитнес-клуб мемлекет меншігіне өтпеген

Боранбаевтың фитнес-клубтарымен қатар қазір онда бірнеше шаштараз жұмыс істейді.

Фото: ng.kz
Фото: ng.kz

Қайрат Боранбаевқа тиесілі Қостанайдағы ең қымбат фитнес-клуб мемлекет меншігіне өтпеген, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы Наша Газета басылымына сілтеме жасап. 

Аталған нысан мемлекет меншігіне 18 қазанда өтетіні айтылған. Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, нысанды «демалыс, сауықтыру және білім беру орталықтарын ұйымдастырумен әлеуметтік мақсатта пайдалану» жоспарланған.

Fitnation клубы Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы Қайрат Боранбаевқа тиесілі болды. 2014 жылдың наурыз айында фитнес-клубты сол кездегі Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов салтанатты түрде ашқан.

9 қарашада журналистер қазіргі әкім Құмар Ақсақаловқа фитнес-клубқа қатысты сауалдар жолдаған. Онда атақты нысанның кімнің балансына өтетінін ғана емес, оны одан әрі пайдаланудың жоспары бар-жоғын, оны күтіп-ұстауға қанша қаражат қажет болатынын және оның жағдайы не болатынын сұраған.  

Алайда, өңір басшысы Ақсақалов журналистердің сауалын қаржы бөліміне жолдаған. Нәтижесінде, Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы бөлімінің басшысы Наталья Моргул: 

– Бұл нысан Қостанай облысының коммуналдық меншігіне өткен жоқ, деп жауап берген.

Новая газетаның ақпаратынша, фитнес клубта сабақтар жалғасып жатыр. Боранбаевтың фитнес-клубтарымен қатар қазір онда бірнеше шаштараз жұмыс істейді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары