22.11.2023, 16:20

Елордада оқушылардың сабақ уақыты қысқартылды

Фото: Sergei Krasnoukhov/TASS/Getty Images

Қолданыстағы ережелерге сәйкес жаңбыр мен көктайғақ сабақтарды тоқтатуға негіз бола алмайды.

Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты оқушылардың сабақ уақыты қысқартылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Астана қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқарма мәліметінше, астаналық оқушылардың сабақ уақыты 35 минутқа дейін қысқартылды. 

Астана қаласының Білім басқармасы ауа райы жағдайларын ескере отырып, екінші ауысым сабақтарының уақытын 35 минутқа дейін қысқарту туралы шешім қабылдады. Сабақ соңында оқушыларды мектептен ата-аналары немесе заңды өкілдері алып кеткені дұрыс. Қолданыстағы ережелерге сәйкес жаңбыр мен көктайғақ сабақтарды тоқтатуға негіз бола алмайды. Сондай-ақ әрбір ата-ана сынып жетекшісіне алдын ала хабарлай отырып, баланы мектепке жібермеуіне болады, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.