ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша айыппұл салынды.
Ақтауда кәмелетке толмаған жеткіншектің домбыра сындырған видеосы таралды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Полицейлер жасөспірімнің ата-анасын анықтап, жауапкершілікке тартты.
Баланың заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Ақтау қаласының әкімдігі мен жергілікті полиция қызметі ата-анаға қатаң ескерту жасап, мұндай әрекетке жол бермеу керек екенін айтты.
Қоршаған ортаға ұқыптылық және жауапкершілікпен қарауға шақырады.