23.11.2023, 10:40

Домбыра сындырған жеткіншектің ата-анасына айыппұл салынды

Фото: mangystaumedia.kz

ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша айыппұл салынды.

Ақтауда кәмелетке толмаған жеткіншектің домбыра сындырған видеосы таралды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Полицейлер жасөспірімнің ата-анасын анықтап, жауапкершілікке тартты.

Баланың заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Ақтау қаласының әкімдігі мен жергілікті полиция қызметі ата-анаға қатаң ескерту жасап, мұндай әрекетке жол бермеу керек екенін айтты.

Қоршаған ортаға ұқыптылық және жауапкершілікпен қарауға шақырады.