23.11.2023, 11:00

Қазақстандық боксшы Түркияда жекпе-жек өткізеді

Фото: Prosports.kz

Қарсыластың есімі әлі жарияланған жоқ.

Қазақстандық боксшы екінші жеңіл салмақтағы WBA Inter-Continental титулының иегері Бекман Сойлыбаев (17-1, 8 КО) Түркияда жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Сойлыбаевтың келесі жекпе-жегі 2 желтоқсанда Трабзон қаласында (Түркия) өтеді. Қарсыластың есімі әлі жарияланған жоқ.

Бекман кейінгі жекпе-жегінде 5 тамызда Ташкентте (Өзбекстан) украиналық Александр Егоровты (20-9-1, 10 КО) техникалық нокаутпен жеңді.