23.11.2023, 22:30

Зорлық-зомбылықты жою үшін цифрлық тәсілдер енгізілуі мүмкін

Фото: Pixabay

Дағдарыс орталықтарында психологиялық көмек көрсетілуі тиіс.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматшаларды оңалту бойынша кешенді жоспар керек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Qazaqstan.tv мәліметінше, дағдарыс орталықтарында психологиялық көмек көрсетілуі тиіс. Тіпті цирфрлық тәсілдер қарастырылуы мүмкін.

Бұл туралы бүгін қоғамдағы түйіткілді мәселені көтерген халықаралық конференцияда айтылды.

2 күнге жалғасатан жиында әртүрлі сала өкілдері бірнеше топқа бөлініп, мәселені шешудің жолдарын ішінара талқыламақ. Конференцияның соңында спикерлер мәселені шешудің бірқатар жолын ұсынулары тиіс.

Барлық аймақтар мен өңірлерде әкімдіктердің ішінде дербес отбасылық мәселелермен, гендерлік мәселелермен айналысатын басқарма құрылу керек. Ол бір, екіншіден өңірлердің даму жоспарларының ішінде арнайы отбасылық мәселеге тиісті көрсеткіштер еңгізілу керек. Сонда ғана осыған қаражат қарастырылады, деді Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Салтанат Тұрсынбекова