$ 443.37  474.49  4.83

Италияда қазақстандық әйел Бишімбаевқа қарсы митингке шықты

Сондай-ақ, бұл сұмдық үрдіс ақыры тоқтауы тиіс!

Фото: ulysmedia.kz
Фото: ulysmedia.kz

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қарсы митингке шыққандар Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты істің адал әрі әділ тергелуін талап етеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Біз өз плакатымызбен шықтық. Тілегіміз біреу ғана: Салтанат Нүкенованың ісі, Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың барлық құрбандары (әйелдер мен балалар) үшін сот әділ болуы керек! Сондай-ақ, бұл сұмдық үрдіс ақыры тоқтауы тиіс!, – дейді ол.

Туринде Джулия Чекеттин есімді бойжеткеннің қатыгездікпен өлтірілуіне байланысты тосын шеру өткен еді. Оның денесі шатқалдың түбінен табылған. Басы мен мойнынан пышақ жарақаттары анықталған. Оны бұрынғы жігіті өлтірді деген нұсқа бар, деген Ulysmedia.kz.

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесі белгілі бір қоғамның немесе елдің проблемасы емес. Бұл бүкіл әлемдегі проблема! – деп жазады Динара.

Туринде 22 жастағы бойжеткен 11 қарашада жоғалып кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары