24.11.2023, 15:20

Алматыда мектептің бас бухгалтері 46 млн теңгені өз шотына аударып алған

Фото: NewTimes.kz

Ол бір жыл бойы өзінің жеке шоттарына қаражатты өзінің жеке шоттарына заңсыз аударып келген.

Алматы мектептерінің бірінде 46 млн теңге сомадағы бюджет қаражатының ұрланғаны анықталды. Мектептің бас бухгалтері бір жыл бойы өзінің жеке шоттарына штаттық кестеде қарастырылған жалақыдан асатын жалақыны өзінің жеке шоттарына заңсыз аударып келген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Аталған факті бойынша Бостандық ауданының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.

Тергеу барысында мектеп бухгалтері өз кінәсін толығымен мойындады, - деп хабарлады Алматы қаласының прокуратурасы.

Сот үкімімен кінәлі адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету) бойынша материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.