$ 443.37  474.49  4.83

Талдықорған әкімі ресторанның ашылуына неге қатысты

Бейбіт Исабаев «мүмкіндік болса, өңірде зауыт ашуға басымдық берер едім» деген.

 

 

Фото: Instagram/taldyqorgan_akimdigi
Фото: Instagram/taldyqorgan_akimdigi

Жуырда Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзілдің шаһардағы ресторанның ашылу салтанатына қатысқан. Осы оқиғаға қатысты Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аймақ басшысының айтуынша, мұндай шараларға қатысу немесе қатыспау әкімнің өзіне байланысты.

Журналистердің бірі облыс әкіміне «Талдықорған қаласының әкімі мейрамхананың ашылуына барыпты. Неге сіздің қызметкеріңіз ондай әрекетке барды? Егер сізде таңдау болса, мейрамхана ашар ма едіңіз, әлде зауыт па?» деп сұрақ қойды.

Бейбіт Исабаев «мүмкіндік болса, өңірде зауыт ашуға басымдық берер едім» деген.

Әкім (Ернат Бәзіл) болып қызмет атқарып жүргеніне үш ай болды. Жақсы маман. Оның неге жеке мейрамхананың ашылуына барғанын сұрадым. Біріншіден, мейрамхана иесі – жергілікті кәсіпкер. Өңірге 500 млн теңге құйған. Қала әкімі жергілікті кәсіпкерлерді қолдау керек екенін айтты.Мемлекеттік қызметкердің этика, адамгершілік мәселелері әкімнің өзіне байланысты. Бірақ мен өз ойымды айттым, келесі жолы мекеменің ашылуын мұқият ойластыруын өтіндім, – деді Жетісу облысының әкімі.

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде Талдықорған әкімі Ернат Бәзілдің қаладағы ресторандардың бірінің ашылу салтанатына қатысқаны қызу талқыланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары