24.11.2023, 18:00

Қуат Хамитов: Футболдың проблемасын айтатын өз ішінде бір «еркек» жоқ па? (ВИДЕО)

Фото: Fight Nights Global

Хамитовтың айтуынша, футболшылар халықтың ақшасын алғанды тоқтатып, өздері демеуші тауып, нәтиже көрсетуі керек. 

Қазақстандық аралас жекпе-жек файтері Қуат Хамитов Қазақстан футболындағы жігіттерге үндеу жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Хамитовтың айтуынша, футболға миллиардтап қаржы жұмсалып жатса да, еш нәтиже жоқ. Ал, футболшылар халықтың ақшасын алғанды тоқтатып, өздері демеуші тауып, нәтиже көрсетуі керек. 

Сондай-ақ, ол қирап жатқан ауылдар мен қалаларды, жұмыссыз жастарды көре тұрып, әлі де халықтың ақшасын пайдалану "еркектікке" жатпайтынын айтқан.