$ 443.44  480.51  4.88

Алаяқ тұрғындардан 86 млн теңгеге жуық қаражатты иемденіп кеткен

Ол өзін кәсіпкермін деп таныстырған.

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Алаяқ қарағандылық тұрғындардан 86 млн теңгеге жуық қаражатты иемденіп кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz   ақпарат порталы. 

Polisia.kz мәліметінше, Қарағанды облыстық полиция департаментіне қала тұрғынынан арыз түскен. Жәбірленуші жеке кәсіппен айналысып, компьютер құралдары үшін тиімді бағаға тендер болып жатқаны туралы білген.

Бұндай ақпаратты өзін кәсіпкермін деп таныстырған азамат бірнеше жерде жариялаған. Сондықтан оның ұсынысы жәбірленушіні де қызықтырған.

Алайда тендерге қатысу үшін сатып алушы хабарлама берген адамның есеп-шотына ақша аудару қажет болған. Жәбірленуші көрсетілген есеп-шотқа 41 миллион 500 мың теңге ақша аударған.

Ақшаны алғаннан кейін, серіктес байланысқа шықпай, барлық байланыс нөмірлерін өшіріп тастаған.

Алданғанын түсінген, жәбірленуші бірден полицияға хабарласқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары