Қостанай облысының бірнеше ауылында осындай жағдай тіркелген.
Қостанай облысында тұрғындарды Украинадағы соғысқа қатысуға тарту әрекеттері болған. Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Аймақ басшысы бұл жағдайдан хабардар. Оның айтуынша, Қостанай облысының бірнеше ауылында осындай жағдай тіркелген.
Бірден атап өткім келеді, бұл жаппай емес. Бұл фактілер туралы білеміз, олар біздің шекаралас аумақтар мен аудандарда болған. Мен кем дегенде екі фактіні нақты білемін. Тарту әрекеттері болды, белгісіз парақшалар пайда болған. Бірақ біз қысқа уақыттың ішінден мұны кім істеп жатқанын анықтадық, әрине, бұл адамдарды заң бойынша жазалау үшін барлық шаралар қолданылды. Бірақ бірде-бір факт назардан тыс қалмайды және бұл қызмет түрімен айналысқандардың барлығы тиісті жазасын алады, – деді Ақсақалов.
Әкімнің сөзінше, заңсыз фактілердің анықталғанына көп болмаған, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.