25.11.2023, 07:30

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Фото: pixabay.com

Тек оңтүстік өңірлерде жауын-шашын болмайды. 

 

«Қазгидромет» РМК 25-27 қараша аралығында елімізде күн райы қалай құбылатынын болжады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Синотиктердің болжамынша, республиканың батысы мен солтүстігіне қар мен бұрқасын әкелген атлантикалық циклон біртіндеп солтүстік-шығысқа қарай жылжиды.

Атлантикалық циклон орнына оңтүстік-батыстан антициклон келеді. Онымен жауын-шашын тоқтап, ауа температура қысқа мерзімге төмендейді. Атап айтқанда, солтүстік аймақтарда түнгі уақытта температура 5-10 градус аязға дейін төмендейді.

Дегенмен, антициклон елімізде тұрақталмайды. Өйткені батыстан Атлантика аудандарынан тағы бір циклон ығысады. Осылайша, күн райының құбылмалы сипаты тағы орнайды: мұздақ (жаңбыр тамшыларының жерге мұз болып түсуі) мен қар түрінде жауын-шашын, бұрқасын, екпінді жел, көктайғақ байқалады.

Ал температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді. Тек оңтүстік өңірлерде жауын-шашынсыз күн райы болжанады.