Басқалардың қиналғанынан ләззат алатын белгі.
Кез келген адамның ашуына тисеңіз, ол ашуланып, өзін ұстай алмай қалуы мүмкін. Жұлдыз жорамал бойынша ашуға бой алдырғанда ең қауіпті адамға айналатын белгі қандай? Бүгінгі материалда астрологтардың осы тақырыпқа қатысты болжамдарымен таныс бола аласыздар. Ашуға ең оңай берілетін жұлдыз белгілеріне сарышаян, егіздер, тоқты, бикеш және арыстан белгісінде туылғандар жатады.
Осы орайда төменде ең ашушаң жұлдыз белгілеріне толығырақ тоқталатын боламыз.
Сарышаян
MyPandit басылымының зерттеуінше, ең ашуланшақ жұлдызға Сарышаян жатады. Астрологиялық рейтингтерді құрастыратын Knowinsiders порталы да бұл пікірмен келіседі. Оған сарышаяндардың мұндай болуына, жұлдыз белгісінің планетасы - Марс тікелей әсер етеді дейді. Сарышаяндар дұшпанын өлтіруге дейін баратын, басқалардың қиналғанынан ләззат алатын белгі. Сонымен қатар бұл белгіде туылғандар кекшіл және қатігез, ашулы, қолға түскендерді аямайтын жандар болып есептеледі.
Егіздер
Егіздер жүрегінің түбінде өте өзімшіл, айналасындағыларды өз амбицияларын жүзеге асыру үшін ғана пайдалатын жандар. Өзгенің жүрегін жаралау - олар үшін оңай. Егіздер бәсекелестерінің аяғынан шалып, өтірік айтудан да тартынбайды, олар тіпті көп жағдайда тасжүрек келеді. Одан бөлек егіздер кез келген жағдайдан сүттен ақ, судан таза шығудың жолын білетін, қу, айлакер белгілердің қатарынан екен. Оның ашуын басу үшін оны жақсылап тыңдап, мақтау қажет.
Тоқты
Қатты ашуға бой алдыратын белгілердің бірі - тоқты. Бұл белгіде туған әйелдер ашуланғанда ер адамдардан да қауіпті болады. Тоқтылар өте импульсивті, эмоцияларына ие бола алмайтын адамдар. Сонымен бірге олар өзін сыйлауды талап етеді. Oh!MyMag басылымының тілшісі Юкти Малхотра тоқтылар ашуланғанда ең қауіпті белгіге айналып шыға келеді деп есептейді. Бұл белгінің ашуы басылғанын күтуден басқа амал жоқ дейді астрологтар. Қатты ашуға булыққан әйел.
Бикештер
Бикеш перфекционистік көзқарастағы белгі, сондықтан олар қауіпті жұлдыздар қатарына жатады. Олар өзгелердің барлығын ақымақ деп санайды. Егер бикеш кек қайтармаса, әрқашан бұл өмірдің әділетсіз екенін айтып өтеді. Бұл белгіде туылғандар кешіре білмейтін адамдар, сондықтан о дүниеге аттанғаннан кейін де ренжіткен адамның түсіне кіреді. Бикештің жауы атаңғыңыз келмесе, оны ешқашан жамандамаңыз. Дұрыс кеңестерді қолданып, сарапшылардың пікіріне құлақ асу қажеттігін ескертіңіз.
Арыстандар
Pinkvilla басылымының тілшісі Мусба Хашми ашу үстіндегі арыстан ең қауіпті адамдар қатарына жататынын айтады. Арыстан өзін жамандап, сын айтқандарға ренішінің арқасында тиранға айналып кетеді. Оңай манипуляция жасау, өз пайдасын ойлау - арыстанға тән қасиеттер. Бұл қасиеттер арыстанның өзімшілдігін арттыра түседі. Арыстандар билікке құмар, өзінен әлсіздерге күн көрсетпейді. Ашулы арыстанды мақтап, оған сыйлық беріп қана жеңе аласыз.
Тауешкі
Бірінші орынға тауешкілер өзін қояды немесе біреуге жан тәнімен беріліп, өмірін арнайды. Өзгелердің принципіне қарамай оларды бағынышты етуді ұнатады. Тауешкілер өзіне қарсы шыққандарға шектен тыс агрессия көрсетіп, жанды жерінен соққы жасауды әдетке айналдырған. Олардың стратегиялық ақылы кек қайтаруда көмекші бола алады. Тауешкілер қажет жағдайда ақша ұрлап, банк тонауға да бара алады. Өмір сүргіңіз келе ме? Онда олардан кешірім сұрап, дәмді тамақ пісіріп, сыйлық беріп үйреніңіз. Қалың ойға шомып тұрған әйел.
Шаян
Шаянның нәзік жаны ренішін бірден сыртқа шығармай, іште сақтауға бейімделген. Бұл белгі ренішті ұзақ ішінде жинап, үлкен кекке айналдырады. Бір күні ол жарылып, қарсы жаққа көп негативті сөз, ескерту айтатын болады. Шаяндарды жібіту үшін кешірім сұрап, достыққа шақырып, құшақтасаңыз жеткілікті немесе ашуы толық тарқағанша жанында болыңыз.
Суқұйғыштар
Бұл белгі ренішті іште сақтамайды, бірден сыртқа шығарып тастайды. Ашулы кезінде оларды танымай қалуыңыз мүмкін. Суқұйғыштарды өзгелердің жетістігі, өзінің сәтсіздіктері қатты ашуландырады. Олар ашу үстінде, тіпті, жылататын, ауыр сөздер айтуы мүмкін. Суқұйғыштар күнделікті өмірде интеллектуалды, өресі биік болып көрінеді. Олар өтірік айтады деп айтқанға сенбеуіңіз мүмкін. Бірақ суқұйғыштар жасанды "интрига", шу шығаратын жандар. Суқұйғыштың ашуын басу оңай - оны жайына қалдырcаңыз болғаны.
Мергендер
Мергендер ұрыс-керісті жиі бастайтын, басқаларды ашуландырушы және сол ситуацияны сырттан бақылаушы адамдар. Олармен дауласып, айтқанына көнбеген кезде ашуландыруға болады. Ашу үстінде олар ешкімнің көңіліне қарамай, ренжітуге дайын. Еркек мергендер бойын ашу кернегенде қорқынышты болып кетеді. Олар қарсыласына күш көрсетуі мүмкін. Мергендерді тыныштандыру үшін әңгімені қалжыңға айналдырып немесе бірге көңіл көтеруге шақырған дұрыс.
Балықтар
Балықтар бойындағы агрессияны өте жақсы жасыра алатын адамдар. Бұл белгі тез ренжиді, сезімтал. Олар кек қайтару үшін ұзақ дайындалады. Балықтар қу, олар кекті ешкімге білдірмей, бірақ өмір бойына ұмытпайтындай етіп қайтаруы мүмкін. Балықтарды ренжіткендер одан ауыр сөз естуге дайындала берсе болады, сондай-ақ олар өзін ренжіткендерге еш уақытта көмектеспейді, қаржылық қолдау білдірмейді. Көп жағдайда интроверт балықтар жасырын әрекет жасап, өзге біреу арқылы кегін қайтарады. Оларды сабырға шықырып, сабасына түсіру үшін ашық әңгімелескен жөн.
Торпақтар
Әдетте консерватор торпақ өте ұстамды және тыныш адамдар. Торпақтарға жанды жерінен тиіссеңіз, ол ашуға булығып, қатігездікке жол беруі мүмкін. Бұл белгімен дауласудың қажеті жоқ. Оны торпақтар ешқашан ұмытпайды. Торпақтар ұзақ ренжиді әрі кешіре алмайды. Ол тек қарсыласын қорқытып, оған ауыр соққы жасаған соң ғана тынышталуы ықтимал. Торпақпен ондай жағдайға түскіңіз келмесе оны жақсылап тыңдап, мүлдем қарсылық танытпағаныңыз дұрыс.
Таразылар
Thoughtnova басылымы таразыларды періштеге теңейді. Бірақ олар өзін ренжіткендерді аямайды. Көп жағдайда бұл белгі даулы мәселелерден қашқақтайды. Егер таразыларды ашық дауға шақырса, олар шешімін табу үшін үшінші тараптың көмегіне жүгінеді. Ол да көмектеспесе, таразының реніші интригаға немесе жала жабуға айналып кетуі мүмкін. Таразының ашуын басу үшін түзелуге сөз беріп, кешірім сұрау жеткілікті. Әр жұлдыздың шыдамының шегі әр түрлі. Сол себепті кеңестерге құлақ түріп, барлығымен жақсы ара-қатынасыңызды сақтап қалуға тырысыңыз.