25.11.2023, 15:30

Ерсұлтан Шәкенбай ММА бойынша үш дүркін әлем чемпионы атанды

Фото: Instagram/shakenbay_ersultan

Ақтық сынында отандасымыз бельгиялық Ахдим Несиммен кездесті.

Қазақстандық файтер үшінші жыл қатарынан жеңіл салмақта аралас жекпе-жек өнері бойынша жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы. 

Жасөспірімдер арасындағы чемпионаттың ақтық сынында отандасымыз бельгиялық Ахдим Несиммен кездесіп, жеңіске қол жеткізді.