25.11.2023, 20:30

Әнші Ақжол Мейірбеков өмірден өтті

Фото: Facebook

Әнші 1950 жылы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келген.

«Дос-Мұқасан» ансамблінің әншісі Ақжол Мейірбеков өмірден өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші 1950 жылы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келген.

1978 жылы «Дос-Мұқасан» ансамбліне қабылданып, 1985-1994 жылдары Алматы облыстық филармониясының «Арқас», «Сазген», «Адырна» ансамбльдерінде өнер көрсетті.

Әнші 1994-1996 жылдары «Гүлдер» ансамблінің көркемдік жетекшісі әрі директоры болды. Ал 2001 жылы «Ақжол» ән-театрын құрды.