$ 444.22  476.38  4.82

Астанада жан түршігерлік жол апаты орын алды (ФОТО)

Астанада орын алған жан түршігерлік жол апатынан төрт адам ауыр жарақат алды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Куәгерлер оқиға орнынан түсірілген фотосуреттерді әлеуметтік желілерде жариялауда.

Жол көлік оқиғасы 23 наурыз күні түнгі сағат 23:20-да Бөгенбай батыр мен Бейбітшілік көшелерінің қиылысында орын алған. Toyota Camry мен Suzuki автомобильдері соқтығысып, салдарынан қос көлік те дымға жарамсыз болып қалды.

Жол апаты салдарынан Toyota Camry көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы және Suzuki көлігінде болған екі қыз ауыр дене жарақаттарын алған. Әзірге өзге мәліметтер белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары