$ 443.35  475.54  4.82

Ганада сарқырама жағасында құлаған ағаш 20 адамды басып өлтірді

Гананың орталығында орналасқан Кинтампо қаласындағы туристер арасында танымал сарқырамада қайғылы жайт орын алды. Үлкен ағаш құлап, 20-дан астам адамды мыжып қалған деп жазады BBC News.

Полиция мен құтқарушылардың айтуынша, оқиға орын алатын кезде дауылды жел тұрған. Ал, адамдар соған қарамастан өзенге жүзуге шығыпты. Нақты қанша адамның қайтыс болғаны белгісіз, дегенмен, 20 адамның көз жұмғаны анық дейді құтқарушылар.

"Қайтыс болғандардың көпшілігі Венчи лицейінің оқушылары. Араларында туристер де бар. Біз тірі қалғандарды құтқару үшін алып ағашты моторлы арамен араладық", - дейді өрт сөндіруші Принс Брилли Анаглате.

Оның айтуынша, оқиға орнында 18 адам көз жұмған. Тағы екеуі ауруханада жан тапсырыпты.

Елдің туризм министрі Кэтрин Абелама Афеку болса қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары