$ 442.05  474.14  4.74

Өзбекәлі Жәнібековтің өмір жолы туралы «Мәдени майдан» атты кітап жарық көрді

Бұл - Өзбекәлі Жәнібеков туралы тарихи дерекке толы мазмұнды кітап. 

Фото: @sanjarkerimbay
Фото: @sanjarkerimbay

Алматыда мемлекет қайраткері, этнограф, қазақ мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан нар тұлға Өзбекәлі Жәнібековтің өмір жолы мен қызметіне арналған Санжар Керімбаевтың авторлығымен “Мәдени майдан” атты кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл - елімізге еңбегі сіңген мемлекет және қоғам қайраткері, үлкен жүректі алып тұлға Өзбекәлі Жәнібеков туралы тарихи дерекке толы мазмұнды кітап. 

Өзбекәлі Жәнібеков қазақ халқының ұлттық мәдениетінің, ана тілінің, дәстүрі мен әдет-ғұрпының жаңарып, дамуына елеулі үлес қосқан. 

“Наурыз” мейрамының, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев есімдерінің халқына қайта оралуына белсене ат салысқан. Ана тіліміздің дамуына да көп еңбегін сіңірген батыр тұлға.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары