$ 443.37  474.49  4.83

Шымкентте екі автобус жарысып, оннан астам адам жарақат алды

Жарақат алғандардың тоғызы жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген.

Фото: КТК тв
Фото: КТК тв

Шымкентте екі автобус соқтығысып, оннан астам адам жарақат алды, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Жол апатына қоғамдық көліктердің жарысуы себеп болған.

146-да отырған едім, бағдаршамда бұрылып тоқтады, адам түсірді. Бір адам шықты, екіншісі үлгермеді. Арт жақтан автобус келіп соқты. Екеуі жарысқан дей ме, білмеймін ғой. Апаттан көзім қарауытып кетті. Қатты соғылдым, жанымда адамдар ұшып жатты ғой, құлап жатты, дейді зардап шеккен жолаушы.

Оқиға қаланың әкімшілік іскерлік орталығында болды. Күндізгі сағат 11 шамасында қос автобустың ішінде жолаушы көп болмапты. Адамдарды түсіріп тұрған көліктің артына соғылған автобус жүргізушісі қазір тергеліп жатыр.

Жарақат алғандардың тоғызы жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген. Жеңіл жарақат алған жетеуі ем-домнан соң үйіне жіберілсе, екі науқас нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Оның біреуі 31 жастағы аяғы ауыр келіншек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары