26.11.2023, 18:30

БҰҰ: Жыл сайын 45 мың әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болады

Фото: Pixabay

15 жастан асқан қыздардың үштен бірі физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды.

Әлемде жыл сайын 45 мың әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болады, деп хабарлайды Skifnews.kz   ақпарат порталы.

Qazaqstan.tv мәліметінше,15 жастан асқан қыздардың үштен бірі физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Бұл - Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегі. Қоғам дертімен әлем болып күресу керек.

Осындай бастамамен Астанада халықаралық конференция өтті. Еліміздегі адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Заңға түзетулер мен толықтырулар дереу енгізу керек деді.

Алдымен сотпен қаралған барлық істерді қылмыстық құқық бұзушылық ретінде Қылмыстық кодекске ауыстыру қажет, дейді Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы Игорь Рогов.