Ал Динара Зәкиева «қыздың отбасында жеті бала бар» деп отыр.
Астана қаласында жеті жасар қыз таяқ жеу салдарынан ауруханаға түсіп қалған. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Instagram-парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Балалар омбудсменінің жазуынша, қыз қазір өз үйіне қайта барғысы келмейді.
Үйде жүйелі түрде ұрып-соғу салдарынан ауруханаға түскен жеті жасар қызды көру үшін бардым. Бала үйге қайтпай, ауруханада қалсам бола ма?» деп сұрады, – деп жазды Д.Зәкиева әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның айтуынша, мектепте баланың денесінен соққы іздері байқалған. Мұғалімдер мектепке дереу кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекцияны шақырған. Ал Динара Зәкиева «қыздың отбасында жеті бала бар» деп отыр.