26.11.2023, 22:30

Павлодарда ер адам қызын зорлады деген күдікпен іздестіріліп жатыр

Фото: polisia.kz

Жәбірленушінің айтуынша, әкесі тарапынан зорлық-зомбылық әрекеттері 2020 жылдың мамырынан 2022 жылдың ақпанына дейін жасалған.

Павлодарда туған қызына зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен ер адамға іздеп салынды. Зардап шегушінің айтуынша, бұл жағдай бірнеше жыл бойы қайталанған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, барлық аумақтық полиция басқармасына, сондай-ақ облыс пен еліміздің шекара қызметтеріне ер адам туралы ақпарат жіберілген.

Қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікпен ер адамды ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде, – деп хабарлады ПД.

Pavlodarnews.kz басылымының жазуынша, қыздың анасының арызы негізінде Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жәбірленушінің айтуынша, әкесі тарапынан зорлық-зомбылық әрекеттері 2020 жылдың мамырынан 2022 жылдың ақпанына дейін жасалған. Бірақ олар бұған дейін полицияға хабарласпаған. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды.